Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының негізгі мақсаттары мен міндеттері, сіздердің белсенді қатысуларыңыз үшін оның қызметінің бағыттары Конфедерация Жарғысында бекітілген.
БҰҒАН ҚОСА, МЫНА ЖАЙТҚА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Кәсіподақтар Федерациясымен қарым-қатынаста бизнестің ұстанымын қалыптастыру үшін қазақстандық әлеуметтік-бағдарланған және әлеуметтік дамыған бизнес-қоғамдастықты біріктіру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы және жұмыс берушілер бірлестіктері, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы арасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі Бас келісімді жасау кезінде Қазақстан экономикасының өнеркәсіп және кәсіпкерлік секторы кәсіпорындарының мүдделерін білдіру;
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің барлық нысандарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмек көрсету;
жұмыс беруші-кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін заңмен тыйым салынбаған барлық тәсілдермен қорғау;
Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясынан өнеркәсіптік және кәсіпкерлік кәсіпорындарға, бірлестіктерге, кәсіподақтарға құқықтық қолдау көрсету;
Республикалық билік органдарында, қоғамдық ұйымдарда, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үш жақты комиссияларда ҚРЖБК мүшелерінің мүдделерін қолдау және өзекті мәселелерін шешуде өкілдік ету;
бақылау-қадағалау қызметін жетілдіруге, қазақстандық кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жоюға көмектесу.