«PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының өзгерістері мен жаңа ұстанымдарынан кейін 9 ай ішінде 23 жаңа қауымдастық оның құрамына қосылды. Конфедерацияның жаңа мүшелері қатарында экономиканың барлық салаларының өкілдері бар. Олар - DRAGMET, QazCem, мұнай қызметі компаниялары, автокөлік, құрылысшылар одағы, зертханалық медицина, фармацевтиканы дамыту, құс өсірушілер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, тауар өндірушілер, колледждер қауымдастықтары. Сондай-ақ, тағы 80 ірі және орта кәсіпорын конфедерацияның жаңа мүшелері атанды. Олардың қатарында HeidelbergCement, Теміртау электрометаллургиялық зауыты, Тараз металлургиялық зауыты, Caspian Group, QAGANAT желісі, Dentons Kazakhstan, De Montfort University Kazakhstan және т.б. бар. Жалпы, бүгінгі таңда «PARYZ» ҰЖБК құрамына 115 кәсіпорын мен 39 салалық қауымдастықтар кіреді.