Последняя
Новость

4 қыркүйегі Астанада «ПАРЫЗ» Конфедерациясына мүше Қазақстан жұмыс берушілерінің XIII съезі өтті

40 Поделиться

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов құттықтау сөз сөйледі. Халықаралық еңбек ұйымының өкілі Владимир Чурович «ПАРЫЗ» Конфедерациясының жұмысын жоғары бағалап, жұмыс берушілерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Бас директор Айдос Әбіханов «ПАРЫЗ» конфедерациясының қызметі туралы айтты. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Бүгінгі таңда ПАРЫЗ Конфедерациясына 33 салалық бірлестік, 1,5 мыңға жуық қауымдастырылған мүше және 100 мыңнан астам қызметкері бар 150 ірі және орта кәсіпорын кіреді.