“PARYZ” конфедерациясы мен Халықаралық еңбек ұйымы (ILO) ұйымдастырған семинар өз жұмысын бастады. Оған қатысушылар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияның жұмыс беруші ұйымдары мен салалық қауымдастықтары бар.
Шара барысында мүшелікті дамыту стратегиясы, мүше ұйымдарды тарту және сақтап қалу жолдары, олардың қанағаттану деңгейін қай көрсеткіштер бойынша бағалау тиімділігі, қазіргі және әлеуетті мүшелердің негізгі қажеттіліктеріне қатысты мәселелер талқыланды.
Семинар Алматыда 13-14 қыркүйек аралығында өтеді.