Последняя
Новость

АШМ, СИМ «PARYZ» ҰЖБК-мен бірлесіп, күнбағысқа экспорттық кедендік баж салығын енгізу мәселесі бойынша ұсыныстарды жинақтайды.

200 Поделиться

Бірқатар мемлекеттік органдар, атап айтқанда, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеушілер, салалық қауымдастықтар, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің онлайн-кездесуі өтті. Аталған шара Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың төрағалығымен «PARYZ» ҰЖБК бастамасына сай, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтініштері негізінде ұйымдастырылды.
Компаниялар конфедерацияға жолдаған хаттарында: Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шаралардың аграрлық салаға тигізер теріс әсерін, сондай-ақ, болашақта күнбағыс егістіктерінің айтарлықтай азаюы, осы дақылды өндіретін бірқатар кәсіпорындардың банкротқа ұшырау ықтималдығы жоғары екенін атап көрсетті.
Кездесу нәтижесінде, «PARYZ» ҰЖБК барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, ведомствоаралық комиссияның келесі отырысына ұсыну мақсатында осы мәселе бойынша ұсыныстар дайындайтыны жөнінде шешім қабылданды.