«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы бас директорының орынбасары Шолпан Әбікенова «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Санжар Тәтібековпен кездесті.
Кездесу барысында еңбек нарығының талаптары мен жұмыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар ТжКБ интернационализациясына ерекше назар аударды. Осы бағытта шетелдік колледждермен халықаралық әріптестікті дамыту және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тетіктерін бірлесіп пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.
«PARYZ» конфедерациясы жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға кеңінен тарту, студенттердің отандық кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ біліктілікті тәуелсіз бағалау тәсілдерін әзірлеу жөнінде ұсыныстарын таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Жұмысшы мамандықтар жылы аясында күш-жігерді үйлестіру және білім беру жүйесін еңбек нарығының сұранысына жақындатуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.