«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері Алматы қаласында өткен көші-қон, бизнес және адам құқықтары мәселелеріне арналған семинарға қатысты.
Іс-шара барысында еңбекші-мигранттардың жаһандық жеткізу тізбектеріндегі рөлі, әділ әрі этикалық жалдау қағидаттары, шетелде еңбек ету мен өмір сүру ерекшеліктері және еңбекші-мигранттардың отанына оралуы сияқты негізгі тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ көші-қонды корпоративтік басқару жүйесін құру және компаниялардың осы саладағы іс-қимылдарын жоспарлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар тәжірибелік кейстерге негізделіп, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) жаһандық стандарттарын қамтыды. Талқылауларға ХКҰ өкілдері мен оның кеңесшілері қатысып, халықаралық тәжірибелер мен ұсынымдарын ортаға салды.
Іс-шара еңбекші-мигранттарды жұмысқа тартатын компаниялардың кадрлық саясат, комплаенс және операциялық қызмет бөлімдеріне арналған және бизнестің көші-қон мәселелеріне мен адам құқықтарын қорғауға жауапкершілікпен қарауын нығайтуға бағытталды.