«PARYZ» Қазақстан Республикасының Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат еңбек заңнамасын жетілдіру және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру саласындағы күш-жігерді шоғырландыруға бағытталған.
Меморандумға «PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының Бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев пен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нахипбеков қол қойды.
Келісімнің мақсаты – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласында стратегиялық әріптестік орнату, қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлердің мүдделерін ілгерілету.
Тараптар келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға уағдаласты:
– бірлескен консультациялар, тренингтер және талдамалық іс-шаралар өткізу;
– еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
– бизнес өкілдері мен өңірлік палаталардың қатысуымен диалог алаңдарын ұйымдастыру;
– екі ұйымның мүшелеріне консультациялық қолдау көрсету;
– отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған бағдарламалар мен бастамалар бойынша ақпарат алмасу.
Тараптар бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді әлеуметтік диалог орнатуда Меморандумның ерекше рөлін атап өтті. Бұл құжат бірлескен күш-жігер арқылы кәсіпкерлердің ұстанымын нығайтуға және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Меморандум мерзімі тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

