Последняя
Новость

PARYZ ХЕҰ аймақтық кездесуіне қатысты

21 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «Әлеуметтік диалог арқылы әділ көшу саясатын ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерге енгізу» тақырыбындағы білім алмасуға арналған Аймақтық кездесуге қатысты.

Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған онлайн-кездесуге Әзербайжан, Албания, Армения, Германия, Грузия, Дания, Испания, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Солтүстік Македония, Сербия, Өзбекстан, Украина және Черногориядан әлеуметтік әріптестер қатысты.

Қазақстандық жұмыс берушілер атынан НКР РК «PARYZ» бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында ұлттық үшжақты комиссиялар аясында практикалық тетіктерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтіп, олардың климаттық саясаттың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жұмыс берушілердің тәжірибесін қолдана отырып әділ көшу процесін қолдауға мүмкіндік беретінін айтты.

Аймақтық кездесу аясындағы талқылаулар 2–3 қазан күндері жалғасады.