Последняя
Новость

«PARYZ» Конфедерациясы ҚР ЕХӘҚМ Сараптамалық кеңесінің алғашқы отырысына қатысты

4 Бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті, оның мүшелері ведомствоның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді, сондай-ақ жаңа бастамаларға баға береді.

Сараптамалық кеңестің құрамына денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларынан еңбек сіңірген мамандар, сондай-ақ жұмыс берушілер қауымдастықтары мен кәсіптік одақтардың өкілдері кірді.

Кездесуге «PARYZ» атынан Президиум төрағасының кеңесшісі Ұлан Тәжібаев қатысты.

Жиынды аша отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова негізгі мақсат – жаңа бастамаларға сараптамалық баға беру, кәсіби пікірлер мен ұсыныстарды тыңдау екенін атап өтті.

«Бұл бізге әзірленетін шешімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ қоғамға сеніммен шығуға және азаматтардың өмірін қалай жақсартуға ниет білдіргенімізді түсіндіруге көмектеседі. Әрбір отырыста біз сарапшыларға аналитикалық материалдардың толық пакетін ұсынатын боламыз және әлеуметтік-еңбек саясатының барлық негізгі бағыттары бойынша мазмұнды ұсыныстарға сенеміз», – деп атап өтті Еңбек министрлігінің басшысы.

Министр отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың скорингтік үлгісін көрсетті, сондай-ақ Бірыңғай цифрлық платформа арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы ақпаратпен бөлісті.

Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырыстары ай сайын өткізілетін болады.