Последняя
Новость

«PARYZ» Конфедерациясы ҚР ЕХӘҚМ жанындағы Сараптамалық кеңес отырысына қатысты

21 Бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (ЕХӘҚМ) Әлихан Байменовтің төрағалығымен ұлттық зейнетақы жүйесін реформалауға арналған Сараптамалық кеңес отырысы өтті.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, сараптамалық қауымдастықтың және бизнес өкілдері, соның ішінде «PARYZ» ҚР ҰЖБК бас директоры Қаныбек Жаңбырбаев қатысты.

Қатысушылар зейнетақы жүйесін демографиялық және экономикалық сын-қатерлерді ескере отырып жаңғыртуға арналған ұсыныстарды қарастырды: ынтымақты және жинақтаушы компоненттердің теңгерімі, базалық зейнетақыны есептеу тетіктері, жарналар мөлшерлемесі, активтерді басқару және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту мәселелері.

Ұсыныстарды әзірлеу жұмысы Сараптамалық кеңестің тұрақты отырыстарында жалғасады.