Последняя
Новость

«PARYZ» пен ҚР ІІМ ҚАЖК өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

26 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы әріптестікті дамыту жөнінде уағдаласты.

Меморандумға қол қою – сотталғандарды еңбекке бейімдеу және олардың еліміздің барлық өңірлерінде жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Келісім аясында сотталғандарды ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдар орындай алатын өндірістік тапсырыстарды тарту көзделген.

Аталған бастама сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға, қайталанатын қылмыстар деңгейін төмендетуге және пенитенциарлық жүйенің ел экономикасына қосатын үлесін арттыруға ықпал етуді көздейді.

Ынтымақтастық өндірістік кооперацияны кеңейтуге және сотталғандарды экономикалық белсенді қызметке тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.