Последняя
Новость

«PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесу өткізді

14 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы 10-нан астам мемлекеттің дипломатиялық миссия өкілдерімен бейресми кездесу өткізді. Іс-шараға Президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов, сондай-ақ төраға кеңесшілері Бағлан Батыршаев пен Ұлан Тәжібаев қатысты.

Кездесуге Австрия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Қытай, Польша, Корея Республикасы, Түркия, Франция және Швейцария елдерінің дипломатиялық миссия басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Конфедерацияның қызметі таныстырылып, келесі бағыттар бойынша атқарып жатқан жұмыстары баяндалды:

– Қазақстандағы әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытудағы рөлі;

– Қазақстан Республикасы Үкіметімен республикалық үшжақты комиссия аясындағы өзара іс-қимылы;

– Бизнес мүдделерін қорғау және қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру жұмыстары.

Диалог аясында Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға қатысты келесі маңызды мәселелер талқыланды:

– әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы;

– еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық тәжірибе;

– кәсіби және техникалық білім беру саласындағы озық тәжірибелер;

– шетелдік инвесторлар мен жұмыс берушілерді қолдаудағы ынтымақтастық тәсілдері;

– әлеуметтік-еңбек дауларын реттеу жолдары;

– білікті кадрларды даярлау құралдары.

«PARYZ» Конфедерациясы әлеуметтік әріптестікті нығайту, жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал ету мақсатында дипломатиялық миссиялармен және халықаралық серіктестермен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді.