Последняя
Новость

«PARYZ» жұмыс берушілер конфедерациясы мен «KAZZINC» компаниясы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15 Бөлісу

9 шілде күні Астанада «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер жұмыс берушілер конфедерациясы мен елдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «KAZZINC» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – әлеуметтік-еңбек саласында жұмыс берушілердің мүдделерін ілгерілету және қорғау, кәсіподақтармен және мемлекеттік органдармен әлеуметтік диалогтың тиімділігін арттыру, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік институтын дамыту.

Тараптар корпоративтік мәдениеттің, орнықты дамудың және әлеуметтік жауапты бизнестің озық тәжірибелерін бірлесіп насихаттауға уағдаласты.

Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі – Шығыс Қазақстан облысында «PARYZ» филиалын ашу және оның жұмысын қолдау болып табылады. Жоспарға сәйкес, филиал өңірдегі жұмыс берушілердің – шағын кәсіптен бастап ірі өндірістік кәсіпорындарға дейін – мүдделерін білдіріп, қорғаумен айналысады.