Последняя
Новость

«PARYZ» жанындағы кеңес еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарады

13 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы алаңында құқықтық консультативтік кеңестің отырысы өтті.

Кездесу барысында ұжымдық еңбек қатынастарын реттейтін заңнамаға енгізілетін өзгерістер жобасы қаралды. Қатысушылар осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіруге, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық тетіктерін нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік мәдениетін дамытуға бағытталған негізгі ережелерді талқылады.

Жоба аясында ұсынылған бастамалар жұмыс берушілердің тәжірибесі мен сұранысына, сондай-ақ ұжымдық-шарттық рәсімдердің тиімділігін арттыру қажеттілігіне негізделген.

Отырыс қорытындысы бойынша өзгерістер жобасын уәкілетті мемлекеттік органға одан әрі қарау және белгіленген тәртіппен пысықтау үшін жолдау туралы шешім қабылданды.

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы еңбек қатынастары саласында теңгерімді құқықтық ортаны қалыптастыруға және жұмыс берушілердің мүдделерін қорғауға белсенді түрде қатысуды жалғастырады.