Последняя
Новость

Қазақстанның ірі компанияларының LED-көрмесі «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» форумының аясында өтті.

30 Бөлісу

Республикалық «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» форумында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы ағымдағы жобалармен және кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Көрме алаңында Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы «PARYZ»-дың қызметі де таныстырылып, оны Президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов баяндап берді.

Өз сөзінде ол «PARYZ» конфедерациясы ірі қазақстандық компаниялармен қатар, бизнестің мүдделерін білдіретін салалық және өңірлік қауымдастықтарды қамтитын жалпылаушы ұйым екенін атап өтті. Өңірлік қамту шамамен 90%-ды құрайды. «PARYZ» – жұмыс берушілердің барлық басқару деңгейлері мен халықаралық алаңдардағы дауысы. Конфедерацияның қызметі жұмыс берушілердің кәсіподақтар және мемлекетпен әлеуметтік диалог тиімділігін арттыруға бағытталған, формальды қатысудан шынайы, құзырлы әрі өнімді ынтымақтастыққа көшуін қамтамасыз етеді, бұл дамыған елдерде қабылданған тәжірибе.

 «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті Ерасыл Жуманбаев жұмыс берушілердің бос орындары мен ізденушілердің түйіндемелерін біріктіретін Enbek цифрлық экожүйесін таныстырды.

«Казцинк» ЖШС Бас директоры Жанат Жанботин жұмыс беруші бренді мен еңбек мамандықтарының беделін арттыру жобалары туралы айтты.

«Евразиялық Топ» ЖШС персонал және мәдениет жөніндегі Бас директордың орынбасары Анастасия Круч өз баяндамасында қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ERG-нің негізгі басымдықтарын атап өтті.

«Kazakhmys Holding» ЖШС ұйымдастырушылық даму және кадрларды басқару директоры Алибек Алдонғарұлы компанияның әлеуметтік бастамалары мен өндірістегі цифрландыру туралы баяндады.

«Qarmet» АҚ Бас директоры Вадим Басин кәсіпорын мен оқу орындарының өзара іс-қимылы және кадрларды оқыту жөнінде ақпарат берді.