Последняя
Новость

Ташкентте өткен конференцияда әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды.

182 Поделиться

«PARYZ» ҰЖБК бас директоры Айдос Абиханов Өзбекстан жұмыс берушілер конфедерациясы мен «Узтекстильпром» қауымдастығы ұйымдастырған Ташкенттегі әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты. Шараға қатысушылар тоқыма саласын негізге ала отырып, Орталық Азияда әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жауапты бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, конференция күн тәртібінде халықты әлеуметтік қорғаудың құқықтық аспектілері, жұмыс берушілерді осы үдеріске тарту, цифрландырудың әсері және т.б. тақырыптар қозғалды.