Последняя
Новость

«Теңізшевройл» PARYZ конфедерациясына қосылуға ниет білдіруде.

149 Поделиться


«PARYZ» ҰЖБК бас директоры Айдос Абиханов пен «Теңізшевройл» ЖШС HR мәселелері жөніндегі бас менеджері Кәмшат Байжанова бірлескен кездесу өткізді. Кездесу барысында «PARYZ» ҰЖБК-ның бағыттары мен жұмыс жоспарлары таныстырылды.
Байжанова ханымның айтуынша, нақты бір ғана емес, бүкіл саланың мүддесін қорғайтын «PARYZ» жұмыс берушілер конфедерациясы сияқты ұйымның жұмыс істеуі - елдегі барлық жұмыс берушілерге арналған тамаша мүмкіндік. Бұл жұмыс берушілерге өз мәселелерін кеңінен талқылауға, заңнамалық актілерді әзірлеуге бірлесіп қатысуға, бір ұйымда бола отырып, ортақ ұстанымды білдіруге мүмкіндік береді.