«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерация президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов Еңбек күніне арналған республикалық «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» форумында сөз сөйледі.
«Жасампаздық үшін диалог» тақырыбындағы баяндамасында ол еңбектің экономиканы дамыту мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізі екенін атап өтіп, мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы шынайы әріптестік – тұрақты дамуға қол жеткізудің жалғыз тиімді тетігі екенін айтты.
Жанықұлов «PARYZ» қызметінің басымдықтарын атап өтті:
- трипартизмді дамыту және әлеуметтік диалогты нығайту;
- Лайықты еңбек жөніндегі Жол картасын іске асыру және ХЕҰ-мен бірлескен Елдік бағдарламаны дайындау;
- жұмыс берушілер бірлестіктерін ұлттық және өңірлік деңгейлерде күшейту;
- заңнаманы жетілдіру және еңбек төрелігі тетіктерін енгізу;
- бизнес, кәсіподақтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына арналған өңірлік кеңселер желісін кеңейту.
Ол «PARYZ»-дың тұрақты даму стратегиясы Халықаралық еңбек ұйымы тарапынан әлемдегі ең үздік 10 тәжірибенің бірі ретінде мойындалғанын, ал Конфедерацияның Қазақстандағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға дәйекті үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
«Жасампаздық үшін диалог – әлеуметтік әріптестердің ортақ ұмтылысы. Тек тең құқылы ынтымақтастық арқылы ғана жасампаздыққа, тұрақтылыққа және дамуға қол жеткізуге болады», — деп қорытындылады Жұмабек Жанықұлов.
В своём обращении на тему «Диалог ради созидания» он отметил, что труд является основой развития экономики и социальной стабильности, а реальное партнёрство государства, работодателей и работников – единственный действенный механизм для достижения устойчивого развития.
Среди приоритетов деятельности «PARYZ» Жаныкулов выделил:
- развитие трипартизма и укрепление социального диалога;
- реализацию Дорожной карты по достойному труду и подготовку Страновой программы совместно с МОТ;
- усиление объединений работодателей на национальном и региональном уровнях;
- совершенствование законодательства и внедрение механизмов трудового арбитража;
- расширение сети региональных офисов для практического взаимодействия бизнеса, профсоюзов и органов власти.
Он подчеркнул, что стратегия устойчивого развития «PARYZ» признана Международной организацией труда одной из 10 лучших мировых практик, а Конфедерация продолжает укреплять позиции Казахстана в сфере социального партнёрства.
«Диалог ради созидания – это общее стремление социальных партнёров. Только через равноправное сотрудничество возможны созидание, стабильность и развитие», — заключил Жумабек Жаныкулов.


