Жетісу облысы әкімдігі мен «PARYZ» конфедерациясы қаладағы ірі кәсіпорындар жұмысын негізге ала отырып, өңірде әлеуметтік серіктестікті талдаудың пилоттық жобасын жүзеге асырмақ. Сондай-ақ, аймақтағы бизнес өкілдеріне үздік әлемдік тәжірибе жайында оқыту жұмыстары ұйымдастырылады.
Осы және өзге де мәселелер жуырда өткен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысында талқыланды. Мұнымен қоса, облыс әкімдігі мен «PARYZ» конфедерациясы күн тәртібінде әлеуметтік серіктестікті дамытудың бірлескен жоспарлары мен Жетісу облысындағы кәсіподақтарды аумақтық біріктіру іс-шараларын қарады.