Последняя
Новость

«PARYZ» ҰЖБК өкілдері Қазақстанның алтын өндірушілер форумына қатысты

16 Бөлісу

5 маусым күні Астанада Astana Mining & Metallurgy (AMM 2025) XV Халықаралық тау-металлургия конгресі аясында Қазақстан Республикасының алтын өндірушілерінің VI форумы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Қымбат металдар өндірушілер қауымдастығының өкілдері, жетекші халықаралық тау-кен компанияларының менеджерлері, металлургия саласындағы тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ отандық тау-металлургия кешені кәсіпорындарының басшылары мен мамандары қатысты.

Форум тау-металлургия кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ өндірістегі қауіп-қатерлерді азайтуға бағытталған заманауи тәсілдерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Әсіресе, өндірістік процестерді цифрландыру мен автоматтандыру тақырыптарына ерекше көңіл бөлінді.

«Қазақстан Республикасының Қымбат бағалы металдар өндірушілері республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Қанат Баитов еңбек қауіпсіздігі мәселесінің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде өндірістегі қауіпсіздік – бұл тек заңнама талаптарын формалды орындау емес. Бұл – бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық фактор. Технологиялық, климаттық, әлеуметтік және геосаяси трансформациялар жағдайында еңбек және өндірістік қауіпсіздік корпоративтік стратегияның ажырамас бөлігіне және бәсекеге қабілеттілік факторы болып отыр», – деді Қанат Баитов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Халықаралық тау-металлургия конгресі өтті. AMM 2025-тің басты тақырыбы – «ТМК трансформациясы: жаһандық сын-қатерлер мен нарық өзгерістеріне жауаптар».