Последняя
Новость

Ғалымдар еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми әзірлемелер ұсынды

233 Поделиться

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК алаңында «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік: ғылым мен өндіріс интеграциясы» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Аталған шараға ғалымдар, «PARYZ» ҰЖБК, KAZENERGY, кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы қатысты.
Онда талқыланған өзекті мәселелелер Мемлекет басшысының қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын енгізу, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтау және қызметкерлерге білім беру қажеттігі туралы соңғы тапсырмаларымен тікелей байланысты.
Талқылау барысында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелері таныстырылды. Солардың бірі – көмір кеніштерін тазарту кеңістігінде табиғи және техногендік сипаттағы геомеханикалық апаттардың туындау қаупін болжау және алдын алу негізінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру. Сондай-ақ, шараға қатысушылар 2023 жылы коммерцияландыру, цифрландыру және бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін қарады.