Последняя
Новость

Астанада «PARYZ» Конфедерациясының қатысуымен еңбекті қорғаудың тәуекелге бағдарланған моделіне көшу бойынша ХЕҰ семинары басталды

71 Бөлісу

2025 жылғы 2 маусымда Астанада Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі-ХЕҰ) «Қазақстандағы өтемақылық модельден тәуекелге бағытталған тәсілге және әлеуметтік қорғаудың жаңа моделіне көшу тетіктері» тақырыбында екі күндік семинар – практикумы жұмысын бастады.

Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, ҚР «PARYZ» Ұлттық конфедерациясының, мемлекеттік еңбек инспекциясының, бизнес, кәсіподақтар өкілдері, сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғау жөніндегі мамандары және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Семинар әлеуметтік әріптестер арасында тәжірибе алмасу және еңбек қауіпсіздігін басқарудың жаңа моделіне көшу бойынша практикалық шешімдерді әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды. Қатысушылар халықаралық тәжірибе мен отандық бизнестің қажеттіліктеріне негізделген тәуекелге бағытталған тәсілді енгізудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылу жоспарын бірлесіп әзірлеуде.

«Біз еңбек қауіпсіздігі бойынша Ұлттық шолудың қорытындыларына сүйеніп әрекет етудеміз. Қазіргі уақытта кәсіби тәуекелдерді кешенді бағалау әдістемесін өзектендіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Біз мұнда үлкен команданы жинадық – барлық әлеуметтік әріптестер: жұмыс берушілер, кәсіподақтар, министрліктер өкілдік етуде. Екі күн ішінде қатысушылар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, өндірістік нысандарды аттестаттау және кәсіби тәуекелдерді кешенді бағалауға көшу мәселелері бойынша нақты ұсыныстар әзірлеумен айналысады», – деді семинар модераторы және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық сарапшы Екатерина Кузнецова

Семинар 2024 жылғы ХЕҰ, Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және «PARYZ» Конфедерациясы арасындағы Лайықты еңбек тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі жол картасын іске асыру аясында өткізіліп отыр. Конфедерация кәсіпорындардың тұрақты дамуына және еліміздегі жұмыс орындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған тәжірибелерді енгізуге белсенді түрде ықпал етуде.