Последняя
Новость

«PARYZ» Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы БҰҰ Жаһандық шартына қосылды.

196 Поделиться

Қазақстандағы жұмыс берушілердің бірден бір классикалық ұйымы ретінде танылған «PARYZ» Жұмыс берушілер конфедерациясы БҰҰ Жаһандық шартына (UN Global Compact) қосылды. Осылайша, ол адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ондаған жалпы қоғамдық қағидатты ұстануға, БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатын қолдауға дайын екенін растады.

«PARYZ» ҰКО БҰҰ Жаһандық шартына қол қоя отырып, БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатымен үйлесетін бизнесті жауапкершілікпен жүргізу саласындағы әлемдік тәжірибені ілгерілетуге бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастырады. «PARYZ» конфедерациясы дүниежүзінің ең ірі бастамасына қосылу арқылы адам құқықтары мен еңбек нормаларын ұстану, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы жұмысын күшейтуге дайын екенін білдірді.

Әсіресе, ол еңбек қатынастары бойынша еңбек және жұмыспен қамту саласындағы  дискриминацияны, сондай-ақ, мәжбүрлі және міндеттелген еңбектің барлық түрлерін жою, бірлестіктер еркіндігіне қолдау көрсетуді жалғастыру мәселелерінде белсенді позиция ұстануға ниетті екенін көрсетті. «PARYZ» конфедерациясының мүшелері БҰҰ Жаһандық шартының құрамына қосылу арқылы тұрақты даму қағидаттарын кеңінен пайдалану, ұзақ мерзімді перспективада «PARYZ» ҰЖБК-на мүше компаниялар құнын арттыру және олардың қаржылық көрсеткіштерін жақсартудың қосымша мүмкіндіктеріне қол жеткізеді.