Последняя
Новость

«PARYZ» ҰЖБК мен бірқатар машина жасау кәсіпорындарының басшылары кездесу барысында машина жасау саласы қызметкерлерінің мүддесін бірлесе қалай қорғауға болатынын және жаңа салалық келісімде нені ескеру қажеттігін талқылады.

186 Поделиться


Өкінішке орай, «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ мен машина жасау және қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы сот даулары әлі де жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. Талап арызына - кәсіпорындардың 2020-22 жылдарға арналған Салалық келісімдерде қарастырылған еңбекақы төлемі қорының 1% және жалақы қорының 0,2% мөлшеріндегі аударымдарды Машина жасаушылар кәсіподағына төлемеуі негіз болды.
Бүгінде бірқатар сот істері бойынша машина жасау саласы кәсіпорындарының пайдасына қарсы шешімдер шығарылды. Осыған сәйкес, кәсіпорындарға өтелмеген қаражатты және кейбір жағдайларда айыпақы төлеу міндеті жүктелді. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, бұл саланың негізгі кәсіпорындарына өндірістің тоқтап, тіпті банкротқа ұшырау қаупін төндіруде.
Талқылау нәтижесінде жұмыс берушілердің мүдделерін қорғау мәселелері бойынша «PARYZ» ҰЖБК мен салалық кәсіпорындардың күш-жігерін біріктіру туралы шешім қабылданды.
Айта кету керек, көптеген жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің алдындағы міндеттерін адал атқарып, оларды жұмыс және лайықты еңбекақымен қамтамасыз етіп, әртүрлі атаулы әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп, кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдарына ұжымдық шарттарда белгіленген төлемдерді жүзеге асыруда. Жұмыс берушілердің мәлімдеуінше, аталған мәселенің туындауына осыдан 3 жыл бұрын өкілетсіз ұйымдардың қолданыстағы заңнаманы бұза отырып келісімге қол қоюы себеп болған.