Последняя
Новость

«PARYZ» Конфедерациясы әлеуметтік шиеленісті төмендету және еңбек дауларының алдын алу бойынша бастамаларын ұсынды

7 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасының Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы алаңында еңбек даулары жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында ұйым мүшелеріне әлеуметтік диалогты дамытуға бағытталған екі практикалық құрал таныстырылды: Еңбек даулары жөніндегі өңірлік кеңес туралы үлгілік ереже; леуметтік шиеленісті төмендету бойынша оқу бағдарламасы.

Аталған жобалар 2025–2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау және шешу жөніндегі Жол картасы аясында әзірленді.

Бастамалар еңбек жанжалдарының алдын алуға, бизнес үшін әлеуметтік және беделдік тәуекелдерді азайтуға, сондай-ақ еңбек қатынастары жүйесіндегі сенім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Еңбек даулары жөніндегі өңірлік кеңес – жұмыс берушілер, жұмыскерлер (кәсіподақтар) және мемлекет өкілдері арасында өзара іс-қимыл жасауға арналған мамандандырылған алаң болмақ. Кеңес шиеленістің алғашқы белгілерін анықтау, татуластыру рәсімдерін сүйемелдеу және жанжалды ушықтырмай тұрып шешу жолдарын әзірлеу сияқты міндеттерді орындайды.

Оқу бағдарламасының жобасы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) тәжірибесіне негізделген, Қазақстан жағдайына бейімделген 6 қолданбалы модульден тұрады:

  1. Әлеуметтік шиеленіс деген не және ол бизнеске қалай әсер етеді?
  2. Шиеленіс белгілерін уақтылы қалай анықтауға болады?
  3. Стресті қалай басқаруға және команданы қолдауға болады?
  4. Еңбек дауларын сотқа дейін қалай шешуге болады?
  5. Тараптар арасында тиімді диалогты қалай құруға болады?
  6. Заң мен халықаралық келісімдер не дейді және қалай дұрыс әрекет ету керек?

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар кәсіпорында қолдануға дайын жеке антикризистік жоспар әзірлейді деп күтілуде.

Ұсынылған құжаттар қоғамдық талқылауға шығарылды.

«PARYZ» Конфедерациясы жұмыс берушілерді, салалық қауымдастықтар мен кәсіподақтарды өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдауға шақырады.