Последняя
Новость

«PARYZ» Конфедерациясының қызметі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды

6 Бөлісу

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы Халықаралық Еңбек Ұйымының Халықаралық оқу орталығы (ITCILO) әзірлеген «The Power of Membership: Strategies for Sustainable EBMOs Growth» атты жаһандық талдамалық есепке жұмыс берушілер ұйымдары арасында мүшелерді тарту мен ұстап қалудағы тиімді тәжірибенің үлгісі ретінде енгізілді.

Бұл есеп халықаралық сарапшылар тобымен әзірленіп, әлемнің түрлі елдерінен үздік тәжірибелерді қамтиды. Құжат ұйымдық мүшелікті тұрақты дамыту, жаңа қатысушыларды тарту және жұмыс берушілер мен бизнес-қоғамдастықтардың (EBMOs) әлеуметтік-экономикалық процестердегі рөлін күшейтуге бағытталған табысты стратегияларды жинақтауға арналған.

PARYZ мүшелік базаны дамытуға арналған заманауи стратегиялар қарастырылған бөлімде көрсетілген. Конфедерацияның ITCILO жаһандық есебіне енуіне негіз болған негізгі фактор – ұйым ұсынған мазмұнды тәсілдер, нақты нәтижелер мен стратегиялық бастамалар.

Бүгінде PARYZ – әлеуметтік әріптестік саласындағы жүйелі өзгерістерге бағытталған жұмыс берушілерді біріктірудің инновациялық үлгісі. Конфедерация қызметінің негізін автономия, сараптамалық тәсіл және бизнес, мемлекет пен қызметкерлер арасындағы сындарлы диалогты дамыту қағидаттары құрайды.

Бұл PARYZ қызметінің халықаралық деңгейде мойындалуының тағы бір дәлелі болды – Конфедерация әлемнің бес құрлығынан (Италия, Бельгия, Нидерланд, Гана, Шри-Ланка, Сингапур, Уганда, Барбадос, Ұлыбритания, Қазақстан) таңдалған үздік 10 ұйымның бірі ретінде жаһандық есепке енгізілді.

PARYZ Конфедерациясы қолданатын тәсілдер жұмыс берушілердің (EBMO) дауысын күшейтуге ықпал етеді – бұл ұйым мүшелерінің кең ауқымды қамтылуы мен олардың арасындағы өзара байланыстардың тереңдігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету арқылы іске асады. Мұндай үйлесім ұйымның заңдылығын, тұрақтылығын және басқарушылық әлеуетін арттырады.