Последняя
Новость

«PARYZ» ҚР ҰЖБК өкілдері Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі құрылыс форумына қатысты

30 Бөлісу

Бүгін Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі құрылыс форумы өз жұмысын бастады. Форумға мемлекеттік органдардың, бизнестің, салалық қауымдастықтар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өңірдегі құрылыс саласын дамыту перспективаларын талқылау үшін жиналды.

Форумды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен Қазақстандық кәсіби инженерлер мен консультанттардың ұлттық қауымдастығы Грузия инженер-консультанттар қауымдастығымен, Hogan Lovells және Intelligent Solution LLC бірлесіп ұйымдастырды.

«PARYZ» ҚР Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері форум жұмысына қатысып, құрылыс саласын тұрақты дамыту мәселелерінде мемлекет, бизнес және кәсіби қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Форум жұмысына 10-нан астам елден 300-ден аса делегатқатысуда. Екі күндік бағдарлама аясындаинфрақұрылым, қаржы, келісімшарттар (FIDIC стандарттары бойынша), жобаларды басқару, сертификаттау және кәсіби білім берутақырыптарына арналған тоғыз панельдік пікірталас өткізу жоспарланған.

 Талқыланатын негізгі мәселелер:

  • Құрылыс саласын цифрландыру және инновациялар енгізу;
  • «Жасыл» құрылыс пен энергия тиімді технологияларды дамыту;
  • Инфрақұрылым мен тұрғын үй қорын жаңғырту;
  • Білікті кадрларды даярлау;
  • Инвестициялар және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері.

Құрылыс нормалары мен техникалық стандарттарды біріздендіру, сондай-ақ өңір елдерінің арасындағы нормативтік-құқықтық базаны үйлестіру мәселелеріне Ерекше назар аударылмақ.

Форум соңында салалық қауымдастықтар мен құрылыс компаниялары арасында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарлануда. Сонымен қатар, Құрылысты және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Өңірлік кеңесті құру жарияланды. Кеңестің мақсаты – бірлескен жобаларды үйлестіру және құрылыс саясатын тиімді қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.