Последняя
Новость

Ж. Жанықұловтың ХЕҰ бюросының директоры Д. Франс-Массинмен жұмыс берушілердің қызметі мәселелері бойынша кездесуі өтті

42 Бөлісу

Женева қаласында өткен Халықаралық еңбек конференцияның 113-сессиясы аясында «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының делегациясы халықаралық алаңда бірқатар маңызды кездесу өткізді.

10 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев пен «PARYZ» ҚР ҰЖБК Президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс берушілер қызметі жөніндегі Бюро директоры Дебора Франс-Массинмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында жұмыс берушілер ұйымдарының институционалдық әлеуетін дамыту, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ конференция аясында «PARYZ» ҰЖБК Президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов Халықаралық жұмыс берушілер ұйымының Бас директоры Роберто Суарес Сантоспен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында тараптар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру, жұмыс берушілерге арналған оқыту бағдарламаларын енгізу және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Мұндай кездесулерге қатысу ұлттық жұмыс берушілер бірлестігінің жаһандық деңгейдегі орынын нығайтуға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.