Айдос Абиханов Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) экономика факультетін, University of Essex магистратурсын (Ұлыбритания, экономика саласындағы ғылым магистрі, MSc) бітірген.
Ол бірқатар мемлекеттік ұйымдар мен ведомстволарда, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордағы компанияларда түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық салаларды дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалған. 2017-2019 жылдар аралығында, 2 жыл бойы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-да басқарушы директор және басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бастап жеке секторда жұмыс істеді - 2019 жылдан 2021 жылға дейін “YDD Corporation”, ал 2021 жылдан 2022 жылға дейін “Primus Capital” компанияларын басқарды.