Павел Беклемишев Мәскеу авиация институтын бітірген. Еңбек жолын «Гидромаш» АТМЗ зауытында инженер-конструктор ретінде бастады, кейіннен 1979-1990 жылдар аралығында аталған кәсіпорында бюро, цех, бөлім меңгерушісі, бас экономист, директордың орынбасары, бас экономист қызметтерін атқарды.
1990-1991 жылдары «КРАМДС» корпорациясының бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 1992 жылдан 1995 жылға дейін үш жыл бойы “Гидромаш” АТМЗ директоры, «Гидромаш Зауыты» АҚ президенті қызметтерін атқарды. 1995 жылдан бастап «Белкамит» БК» АҚ басқарды.
Түрлі жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, Халықаралық тауар өндірушілер одағының басқарма мүшесі, ҚР Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған жабдықтар мен қызметтерді өндірушілер қауымдастығы басқармасының төрағасы, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.