Сәкен Қырықбай Қазақ мемлекеттік заң академиясының құқық бакалавры, Орталық Азия университетінің қаржы бакалавры және Ұлыбританиядағы Лондон бизнес мектебінің Executive MBA дәрежесіне ие.
Ол - 22 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, оның 15 жылдан астамын басшылық қызметте өткерген жоғары білікті маман.
Еңбек жолын сақтандыру саласында бастаған. 2001-2009 жылдары жеке және мемлекеттік секторлардағы түрлі лауазымдарда, соның ішінде, сақтандыру секторындағы жетекші компания – «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да, Алматы қаласы әкімдігінің Сыртқы экономика комитетінде қызмет еткен.
«Standard Insurance» компаниясында 3 жыл жұмыс істегеннен кейін, «Standard Life» АҚ басқарма төрағасы қызметіне ауысты. Осы жылдар ішінде Сәкен Standard Life сақтандыру сыйлықақысын 375%-ға және жалпы активтерін 300%-ға ұлғайтты. Сәкеннің басшылығымен компанияның баланстық құны 3 жыл ішінде 2,8 есеге өсті.