Оның Westport Capital, Al Falah Growth Fund, Қазақстан Даму Банкі, Credit Suisse және Renaissance Capital компанияларындағы басшылық лауазымдарды қоса алғанда, инвестициялық және қаржы секторларында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ, «AKSAI Operating» БК (Halliburton International еншілес ұйымы) және «Маңғыстау электр желілерін тарату компаниясы» АҚ секілді компанияларда Директорлар кеңесінің белсенді мүшесі. Бұған дейін «ҚазАзот» АҚ, «Теміртау электрометаллургиялық комбинаты» АҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «ҚДБ-Лизинг» лизингтік компаниясы» АҚ және т.б. компанияларда директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.