Санжар Nazarbayev университетінің “Компьютерлік ғылымдар” мамандығы бойынша бакалавриатты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасын тәмамдаған («Экономика»).
Ол инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды қолдау саласында 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істейді.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ талдау және стратегия департаментін басқарды.
Компанияның даму стратегиясын дайындауға, салалық аналитиканы жасауға қатысты. Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдар өкілдерімен жұмысын үйлестіріп, ұйымдастыруды қамтамасыз етті.